10.04.2026 ж. 9-11 сынып оқушылары үшін "Жерден тыс қадам басқан батырлар" интеллектуалды квизі өткізілді. 
Космонавтика күніне арналған іс-шара адамзаттың ғарыш саласындағы жетістіктеріне қызығушылықты қалыптастыруға, ой-өрісін кеңейтуге және отандық ғалымдар мен ғарышкерлердің қосқан үлесі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталған.